Кескінділерді енгізу және
шығару
Мақсаты: Кескінділерді енгізу және шығару амалдарымен таныстыру.
Дәріс сұрақтары:
1. Кескінділерді енгізу,
шығару амалдары.
1. Макет құру – бұл дизайнердің ойын жүзеге асыру үшін беттің және макет элементтерінің (мәтіннің, растрлік және векторлық бейнелердің) орналасу параметрлерін
баптау. Жаңа құжат құрғанда CorelDraw автоматты түрде А4 (210х297 мм) форматын
орнатады. Форматты өзгерту керек болса,
ашылатын форматтар тізімінен керекті форматты таңдау керек немесе қасиеттер палитрасында
тиісті өріске қажетті көлемді орнату керек.
Беттің макетің толық баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document > Page бетін ашамыз. Бұл бетте
4 пункт бар:
1.
Size (көлем)
– бұл
пункте беттің
параметрін баптауға болады. Алдын ала көру
терезесінде енгізілген өзгертулерді байқауға болады.
2.
Logout (макет) – бұл пункте ашылатын
Logout тізім көмегімен
6 шаблонның
біреуін таңдауға
болады :
·
Full Page (толық
бет)
·
Book (кітап)
·
Book Let (буклет)
·
Tent Card (Открытка)
·
Side Fold (карточка с боковым сгибом)
·
Top Fold Card (карточка с верхним сгибом)
Макеттің өзгеруі алдын
ала көру
терезесінде бейнеленеді. Facing Page (айналық
беттер) туын екі жақты басылым үшін қолданады.
Start on тізімі (начать с ...) бірінші беттің номері
жұп
немесе тақ болатынын анықтайды.
3. Label (наклейки)
компакт дискімен бірге болатын 800 – ден астам стандартты наклейкалар пакетінен наклейканы таңдауға
мүмкіндік
береді. Егер де керекті нұсқа жоқ
болса, Customize Label бөлуді
баптау батырмасына шертіп, ашылған сұхбат
терезесінде бөлу параметрлерін болады.
4. Background (фон) – бұл
пункт беттің
фонын таңдауға
мүмкіндік
береді. Ауыстырғыштар көмегімен
3 нұсқаны
таңдауға болады.
·
No Background (фон жоқ)
·
Solid (бір түсті
фон)
·
Bitmap (растрлік
форматтағы
бейне).
Print and Export Background туы фонды экспорттауға және
қағазға шығаруға мүмкіндік
береді. Егер ту орналатылмаса, онда фон экранда көрінеді де, қағазға басылмайды
және
экспорттағанда
сақталмайды.
Object Manager (объектілер
диспетчері) терезесін қолдану. Күрделі
құжаттармен жұмыс істегенде объектілер арасында ыңғайлы
түрде
ауысу үшін Object Manager терезесі
қолданылады. Бұл терезеде иерархия түрінде
құжаттағы бар барлық беттер,
қабаттар және объектілер орналасады. Бұл терезе көмегімен
қабаттағы объектілердің орналасуын
өзгертуге болады.
Объектілерді ерекшелеуге, топтастыруға,
көшірмесін алуға және де контурдың
түсін
өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл терезені ашу үшін Window > Docker > Object Manager командасын орындау керек. Object Manager терезесінде ерекшеленген объект жұмыс аймағында
да ерекшеленеді. Үнсіз келісім
бойынша әрбір қабат (Laуer) реттік номер жазуымен
белгіленеді. Қолданушы қабаттың атауын
өзгерте алады.
Ол үшін қабаттың атауының үстінен екі
рет шерту керек.
Қабаттың атауының сол
жағындағы көздің белгішесі
осы қабаттағы орналасқан объектілерді көрінбеуіне әсер етеді.
Принтер белгішесі осы қабатта орналасқан объектілерді қағазға басуға рұхсат
етеді немесе тыйым салады. Қарындаш белгісі
осы қабатта орналасқан объектілерді өңдеуге рұхсат етеді немесе тыйым
салады. Терезеде құжат туралы
қандай ақпарат көрсетілетінің анықтау үшін және құжатты өңдеу үшін келесі
басқару
элементтері қолданылады.
Show Object Property
(объектінің
қасиетің көрсету) - объектінің
атауының
қасында объект туралы ақпарат жазылады (контурдың түсі және
қалыңдығы, құюдың түсі).
Edit Across Layer қабаттар арасында
өңдеу, терезеде
қай қабат ерекшеленгеніне
байланыссыз кез – келген қабаттағы объектіні
өңдеуге мүмкіндік береді.
Layer Manager View
(түрлер
диспетчері) – бұл
режимді қолданғанда терезеде тек қабаттар ғана көрсетіледі.
New Layer - жаңа бос қабат құрады
New Master Layer - бұл жаңа шаблон бет құрайды.
Delete – ерекшеленген қабат, объект немесе объектілер тобын жояды.
Объектіні бір қабаттан екінші
қабатқа ауыстыру немесе көшірмесін
алу үшін терезе менюінің
Move to Layer немесе Copy to Layer командаларын орындауға
болады.
Объектілерді туралау және бекіту
Snap to Grid кнопкасы бойынша объектілерді тор бойынша туралау режимі іске қосылады. Тордың параметрлерін баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document Grid терезесінде баптауға болады. Freguency (жиілік,
частота) – көлденеңінен және тігінен өлшем бірлігіне келетін тор сызықтарының жиілігін орнатады. Spacing (арақашықтық) – тордың қадамы. Show Grid (торды көрсету) – торды көрсету немесе алып тастау.
Snap to Grid (торды бекіту) – торды
сызықтарға бекіту. Show Grid as Lines (
тор сызықтарын пунктермен көрсету). Show Grid Dots (тор сызықтарын нүктемен көрсету)
Жоғары сапалы құжат құру үшін, жұмысты тез және жоғары деңгейде жүргізу үшін белгілі ережелерді сақтау керек. Күрделі құжаттардың макетін
құру үшін келесі
кеңестерді
орындаған
жөн.
1.
Құжатты жоспарлау – яғни,
бейне қай мақсатпен құрылады және соңғы
нәтиже
қандай болады
екенін анықтау.
2.
Эскиз құру – жұмыстың алдында
қағазға графиканың
және
мәтін
элементтерінің
орналасуын көрсетіп
алу.
3.
Шаблон дауындау – бұл
объектілерді туралауды жеңілдету.
4.
Құжатты құру.
5.
Алдын ала қағазға шығарып,
нәтижені
көру.
6.
Құжатты қағазға немесе плёнкаға шығару.
2. CorelDraw мәтіннің екі түрін қолдануға мүмкіндік береді.
Artistic text – фигуралық мәтін
1.
Paragraph text – қарапайым мәтін
Фигуралық мәтін объект деп есептеледі. Сондықтан
оған
контурдың
және
құюдың жалпы
қасиеттерін және арнайы эффектерді қолдануға болады. Фигуралық
мәтіннің формасын
(Shape инструменті көмегімен) өзгертуге болады.
Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік
блокта орналасады және
оған
мәтіндік
процессорларда қолданылатың параметрлерін
(өрістер, абзацтық шегіністер,
тасымалдау және т.б.) орнатуға
болады. Қажет болған жағдайда
фигуралық
мәтінді
қарапайым мәтінге және
керісінше түрлендіруге болады.
Ол үшін: Text > Convert to Paragraph (Artistic) text немесе Ctrl + F8 командаларын орындау керек.
Қарапайым және фигуралық мәтінді құру үшін: Text - инструментін қолдану керек.
Фигуралық мәтінді құру үшін: жұмыс аймағының кез-келген жерінен шертіп, мәтінді енгізу керек.
Қарапайым мәтінді құру үшін: рамка сызып, мәтінді енгізу керек.
Мәтінді өңдеу үшін қолданылатын сұхбат терезе Ctrl + Shift+T пернелер комбинациясымен шақырылады. Мәтіннің параметрлерін толық баптау үшін F-батырмасы көмегімен Format text сұхбат терезесі шақырылады. Бұл терезенің 5 – бет парағы
бар.
1.
Character - cимволдар
2.
Paragraph - абзацтар
3.
Tabs - табуляция
4.
Columns - колонкалар
5.
Effects – маркерлердің түрі
таңдалады.
Сол маркердің көлемі, буквицаның
түрі осы жерде таңдалады.
Мәтіндік блоктарды байланыстыру. Бұрынғы
мәтіндік
блокпен байланысқан жаңа
блок құру үшін мәтіндік блоктың
төменгі-ортанғы
маркеріне шерту керек. Сонан соң
мәтіндік
блоктың
рамкасын салу керек. Егер мәтін
бірінші блокқа толық
симасы маркер стрелка тәрізді болады. Екі блокты
бір-бірімен байланыстыру үшін алдымен
бірінші блоктың ортанғы – төменгі
маркерлеріне шертіп, сонан соң
екінші блокқа шерту керек. Байланыс көк түсті
болады.
Сorel Draw графикалық редакторы мәтінді өңдеуге арналған құралдарды қамтиды. Оның мүмкіндіктері кәсіби баспа жүйесіндегі күшті мәтіндік редактордағыдый соншалықты қолайлы болмаса да көптеген тапсырмаларды шешуге жеткілікті.
Corel
Draw –да екі түрлі мәтіндік объект жасауға болады: қарапайым мәтін (Paragraph ) және шығармашылық мәтін (Artistic).
Шығармашылық мәтін көбіне баспаны әдемі безендірілуі үшін қажет. Artistic объектісін жасау үшін құралды панеліндегі пиктограмманы
басамыз. Мұнда мәтін шекарасы шектелмеген – экранның кез келген жерінде бір рет басып, мәтінді тере береміз. Басулы өлшеміне қарай шектері автоматты түрде кеңейе береді. Көп мөлшерде мәтінді енгізу үшін Paragraph форматы қолданылады. Объект жасауда қағаз бетінде керекті аймақты, яғни мәтін орналасатын жерді басамыз. Шектеріне дейін толып қалғанша кейін ол экранда көрінбей қалады. Сондықтан шектерін кеңейту керек немесе сол бөлімі басқа Paragraph объектісін
апаруға болады.[4]
Мәтін объектісіне Effects-ті таңдап, әртүрлі эффекттер жасауға болады: масштабтау,
созу, ығыстыру, айналдыру. WYSOWYG принципі бойынша
жұмыс істейтін кез келген басқа да бағдарламалар сияқты Corel Draw мәтіннің барлық өзгерулерін экранда көрсетеді. Редакторда орнатылған Windows True Type Post Script тәрізді әріптерді толық қолдануға болады.
Corel Draw мәтініде орындалатын
негізгі операцияларды қарастырайық.
Мәтінді форматтау үшін Text менюі қолданылады. Төменде оның пункттері келтірілген[5]
Text Roll -Up
Мәтіннің негізгі параметрлері: қолданылып отырған каріп оның өлшемі қатар теңестірілуі. Бұл менюден арнайы параметрді орнатуға арналған болса менюлерге өтуге болады.
Character
Бұл пунктті талдау кезінде қолданушы карпті өлшемін, белгілер стилін,
белгілер арасындағы арақашықтық, сөздер, қатарлар арасындағы арақашықтықты, қатарды теңестіруін іске асыра алатындай меню шығады. Сызықша бір өлшемді немесе екі-жіңішке және жуан бола алады.
Paragraph
Бұл менюде мәтін параграфының параметрін өзгертуге болады: қатарлар арасындағы сөздер және белгілер арасындағы қашықтық, параграф шектері, сол жақтан немесе оң жақтан шегіністер, табулияция позициясы. Арнайы көркем карптерден белгілер қоюға болады.
Frame
Тек Paragraph объектісі үшін. Мәтінді газета форматында яғни бағаналармен шығарады. Бағана саны 1-ден 8-ге
дейін. Әрбір колонканың енінің өлшемін беруге болады. Мәтінді енгізгенде және объектінің төменгі шегіне жеткенде ол автоматты түрде келесі бағанаға автоматты түрде көшеді.
Fit Text To Path
Corel Draw басқа қарапайым мәтіндік процессорларда ерекшелеп тұратын айрықша құралы. Берілген команда мәтінді қандайда да бір объектілер біріктіреді.
Осылайша берілген объектіге жанасады. Corel Draw мәтінді әртүрлі түрде орналастыруды қамтиды. Мысал үшін периметрі бойынша
шарбақша құру.
Align To Baseline – мәтінді базалық сызық бойынша теңестіру
Straighten Text – мәтінді базалық сызық бойынша теңестіріп, оған барлық символдар қатарын қолдану.
Type Assist - мәтінге арналған арнайы сервистік
белгілеулер
Spel Checker- орфография тексеру. Тек бекітілген объектті тексеріп қана қоймайды, мәтінге ие барлық құжатты тексереді.
Thesaurus - әрбір сөздік синониммен ауыстыру мүмкіндігі
Find – мәтінді табу
Replace – мәтінді ауыстыру
Edit Text – аса көрнекі емес, бірақ көп жағдайда мәтінді енгізу үшін қолайлы. Енгізу терезесі шығады сонда өзгертулер енгізіледі. Мәтінге созу, сығу, айналдыру, орын
ауыстыру сияқты қарапайым мәтінге қолданылатын барлық өзгертулер жасауға болады.
Назар аударуды қажет ететін үлкен көлемді объекттермен Corel Draw –да жұмыс істеудің қолайсыздығы. Windows- қа арналған күшті мәтіндік процессорлар және баспа жүйесімен қолданушы Corel Draw интерфейсінің қолайсыздығын бірден байқайды. Мәтіннен және нысанмен жұмысқа раналған курсордың түрін жиі ауыстыруға тура келеді және мәтін стилін бірнеше рет өзгерту керек болады.Параграфтармен жасалған жұмыс күрделі. Көптеген пайдалы өзгертулерге арналған қажетті функциялар жоқ. Бір жағынан қарайтын болсақ бұл бағдарлама қандай мақсатта арналып жасалғанын есепке алатын болсақ мәтінмен жұмыс істеуге арналған функциялар жақсы ұйымдастырылған дейтін болар едік.
Өлшеулерді өзгерту
Биіктігі
Ені
Пропорциональды
Өлшемдері шектелмеген. Егер бұрыштағы шаршыны алсақ онда ұзындығы және биіктігі пропорциональды түрде өзгереді.
Бұл операцияларды барлығын визуалды түрде емес, сонымен қатар сандар енгізіп жасауға болады, егер Transform Roll-Up менюін қолдансақ, ол Effects менюінде мұнда меню шығады және орын ауыстыру түймесі, айналдару, өлшемін өзгерту, жылжыту түймелері бар. Қажетті ұзындық және бұрыштар мәнін қолмен қоюға болады. Команданың орындалуы үшін Apply – ді басамыз.
Шағылысу (Mirror)
Бұл функция мәтінді солға, оңға немесе жоғарыдан төменге айналдыруға мүмкіндік береді.
Әдебиеті:
1 Компьютерная графика.
С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе.
Харьков «Фолио»
Москва
«АСТ», 2001.
2 Эффективная работа с Corel Draw 11. Александр
Тайц. Санкт-Петербург *
Москва * Харьков * Минск, 2001.
Бақылау сұрақтары:
1 Фигуралық мәтінмен орындалатын операциялар.
2 Қарапайым мәтінмен орындалатын операциялар.
3 Мәтінді траектория бойымен орналастыру түрлері.